+7 (701) 759 90 19
USD 418.41 EUR 507.95
RUB 5.69 CNY 64.76
Jańalyqtar

Депардье Мордовияның мәдениет министрі лауазымынан бас тартты

2013 жылғы 7 қаңтар 10:38
Бөлісіңіз:
Депардье Мордовияның мәдениет министрі лауазымынан бас тартты

АСТАНА. 7 қаңтар. ҚазАқпарат - Таяуда ғана Ресей Федерациясының азаматы болған танымал француздық актер Жерар Депардье

Мордовияның мәдениет министрі лауазымынан бас тартты, деп хабарлайды Орыс жаңалықтар қызметі.

Мордовия астанасына сапар барысында актерға мәдениет министрінің лауазымы ұсынылды. Депардье ол «әлем мәдениетінің министрі» болып табылатындығын алға тартып, бұл ұсыныстан бас тартты.

Саранскіде Депардье Емельян Пугачевке бүтін Ресей бойынша орнатылған жалғыз ескерткішті барып көрмек. Айта кету керек, ресми сапар кезінде актерға Мордовия азаматының символикалық төлқұжаты табыс етілді. Республика басшысы Владимир Волков Ресейдің жаңа азаматына пәтер мен жекеменшік үйді сыйға тартпақ ниетте. Белгілісі, Депардье Саранскіде тұрғылықты жері бойынша тіркеуге тұрып үлгерді.

Еске салайық, актер Францияда бір жылда бір миллион еуродан астам нәпақа табатындар үшін табыс салығы 75 пайызға дейін артқаннан кейін, өзінің азаматтығын өзгертетіндігі туралы мәлім етті. 3 қаңтар күні Путин актерді РФ-ның азаматтығына қабылдау туралы қаулыға қол қойды.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

#Әлем  
Бөлісіңіз:

Автор:

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT