USD 434.34 EUR 491.93
RUB 5.56 CNY 68.67
Jańalyqtar

Марат Шоранов коронавирус вакцинасы қалай егілетінін түсіндірді

2021 жылғы 27 қаңтар 17:18
Бөлісіңіз:
Марат Шоранов коронавирус вакцинасы қалай егілетінін түсіндірді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов коронавирусқа қарсы вакцина қалай егілетінін түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
ДДСҰ мақұлдаған вакциналар кімдерге салынады – Ерлан Қиясовтың жаңа Қаулысы Қазақстанда 8,7 млн адам коронавирусқа қарсы толық егілді Қазақстанда кәсіпкерлер үшін карантин талаптары жеңілдетілді

«Вакцинация екі кезеңнен тұрады. Алғашқы кезеңде 0,5 мл мөлшерінде салынады. Осыдан кейін екінші кезеңде 21 күннен соң 0,5 мл мөлшерінде екінші компонент салынады. Вакцина бұлшық еттің ішіне жіберу арқылы ғана егілетінін атап өту керек. Оны бұлшық етке салады. Иықтың сыртқы бөлігіне егеді. Вакцинацияны салмас бұрын вакцина флаконы бөлме температурасында сақталуы керек. 0,5 мл дозаны алатын бірреттік шприц қолданылады. Жылытылған флаконнан 3 мл-ға дейін дозаны алуға болады. Яғни бір флакон 5 адамға дейін жетеді», - деді Марат Шоранов ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Еске сала кетсек, бұған дейін Марат Шоранов вакцинация жүргізер алдында азаматтардың дене температурасы өлшеніп, жүрек-қантамыр жүйесін аускультациялау және жұтқыншақты тексеру шаралары жасалатынын айтқан еді. Егер температура 37°C-тан асса, вакцинация кейінге қалдырылады.

Сондай-ақ, вакциналауға қатысты жиі қойылатын сұрақтардың жауабын мына ақпараттан оқуға болады.




Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT