ДЕНСАУЛЫҚ: Сүт өнімдері адам үшін аса пайдалы екені тағы да дәлелденді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Канзас университетінің ғылыми қызметкерлері адамдар үшін сүттің пайдасы мол екенін анықтады, деп жазады Росбалт.

Егер бұрын сүт адамның сүйектеріне пайдалы деп саналып келсе, соңғы ғылыми зерттеу оның адам ағзасына, соның ішінде - ми жұмысын жақсартуға аса пайдалы екенін дәлелдеп отыр.

Мұны анықтау үшін мамандар 60 адамға сынақ жүргізген. Еріктілердің бас миын сканерлеруден өткізген соң, сүтті көп ішетіндердің бас миындағы даму процестері белсенді екенін білінген.

Соңғы жаңалықтар