Денсаулық саласындағы тыйым салынбаған ақпараттың барлығы қолжетімді болуы тиіс - Марат Бәшімов

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Денсаулық саласындағы заңмен тыйым салынбаған ақпараттың барлығы қолжетімді болуы тиіс. Бұл туралы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі, Еуропалық құқық және адам құқықтары институтының директоры Марат Бәшімов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ақпаратқа қолжетімділік туралы заң қабылданған. Аталған заңның негізгі мақсаты заңмен тыйым салынбаған ақпараттардың барлығына рұқсат берілуі тиіс», - деді ол «Денсаулық сақтау саласының ашықтығы: Жаңа трендтер ақпаратқа қолжетімділікке қалай ықпал етеді» деген тақырыптағы онлайн пікірталас барысында.

Осыған орай Ұлттық кеңес мүшесі бұл мәселелердің барлығын медицина қызметкерлерімен, олардың басшыларымен жан-жақты талқылау қажет деген ойын білдіреді.

«Өйткені, бұл дәрілік препараттарға, медицинаның қолжетімділігіне, саламатты өмір салтына және медицинада барынша өзекті саналатын барлық блокқа қатысты жайттар. Белгілі бір препарттарға қатысты қолымызда неге ақпарат жоқ? Айталық, мен тәуекел тобына кіремін. Қан қысымым жоғары болғандықтан дәрі ішемін. Жазып берген дәрісін ішкеннен кейін инфаркт алып қала жаздадым. Ал одан кейін аталған дәрінің әлі пробация сатысында екендігін білдім. Бұған қалай жол берілген. Мұны білгенде естен тандым. Содан кейін бұрын қабылап жүрген дәріме қайта көштім», - деді Марат Бәшімов.


Соңғы жаңалықтар