+7 (701) 759 90 19
USD 421.58 EUR 496.83
RUB 5.53 CNY 62.2
Jańalyqtar

Денсаулық сақтау ұлттық орталығының референс-зертханасы коронавирусқа 10 мың тест өткізді

2020 жылғы 21 мамыр 11:26
Бөлісіңіз:
Денсаулық сақтау ұлттық орталығының референс-зертханасы коронавирусқа 10 мың тест өткізді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының референс-зертханасы коронавирусқа қатысты 10 мың тест өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Вирус инфекцияларын бақылау референс-зертханасы бүгінгі күнге дейін COVID-19-ға шамамен 10 000 зерттеу жүргізді. Зертхананың тәуліктік қуаты - 300 үлгі. Зертхана өткізу қабілетін тәулігіне 3000 үлгіге дейін ұлғайтуды жоспарлап отыр.

Референс-зертхананың негізгі міндеті - референстік, арбитраждық, верификациялық зерттеу жүргізу және үлгілерді қайта тестілеуден өткізу.

Зертханада COVID-19 зертханалық диагностикалау үшін верификацияланған тест-жүйелер, нәтижені растау үшін - ДДСҰ валидацияланған жиынтықтар пайдаланылады.

Сонымен қатар референс-зертхана тұмау бойынша ұлттық орталық саналады және ДДСҰ-мен, сондай-ақ ТМД елдеріндегі Тұмау ұлттық орталықтарымен ынтымақтастықты дамыту жұмыстарын белсенді атқарады.

Бұдан басқа зертхана мамандары республикадағы COVID-19-ға тест жүргізетін зертханаларға ұйымдастырушылық-әдістемелік және практикалық көмек көрсетеді, сондай-ақ әртүрлі инфекциялар бойынша сапаны сырттай бағалаудың ұлттық бағдарламасын жүзеге асырады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT