Денсаулық сақтау саласында бәсекелестік жоғары – Елжан Біртанов

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанның денсаулық сақтау саласында бәсекелестік жоғары дамыған. Бұл туралы бүгін ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің алқа отырысында ведомство басшысы Елжан Біртанов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2015 жылдан бастап міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша көп жұмыс жасалды. Әрине, 2019 жыл өте маңызды болды. Себебі осы міндетті медициналық сақтандыру жүйесін енгізу алдында Қарағанды облысында ілкі жоба ретінде сынақтан өткізілді. Жалпы, осы жылдың 1 қаңтарынан бастап әлеуметтік медициналық сақтандыру Қазақстанда іске қосылды», - деді министр.

Оның дерегінше, өткен жылдары Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына 200 млрд теңгеден астам қаржы жиналды. Тек 2020 жылдың басынан бері қорға 64 млрд теңгеден астам қаржы түсті.

«2020 жылы тегін медициналық көмек және әлеуметтік медициналық сақтандыру топтамасына енгізілген медициналық қызметтерді қаржыландыру көлемі 2 пайызға өсті. Ол еліміздің тарихында болмаған жағдай. Жалпы, денсаулық сақтау саласындағы қызметтердің сапасын көтеру қажет. Осы орайдағы ең маңызды мәселе - денсаулық сақтау саласындағы бәсекелестік ортаны дамыту. Биыл Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры медициналық қызметтерінің 47 пайызын жекеменшік клиникалар көрсетеді. Демек, бұл салада бәсекелестік жоғары дамыған деп айтуға болады», - деді Елжан Біртанов.


Соңғы жаңалықтар