Денсаулық сақтау саласына «Ericsson Nikola Tesla» платформасы неге енгізілмеді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Денсаулық сақтау министрлігі елімізде енгізілуі тиіс «Ericsson Nikola Tesla» платформасына қатысты түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында Денсаулық сақтау вице-министрі Бейбіт Есенбаевке келесі сұрақ қойылды. «Ericsson Nikola Tesla» халықаралық компаниясы елімізде өз платформасын енгізбек болған. Аталған платформа неге іске қосылмай қалды ?».

«Аталған компаниямен келісімшарт бар, елімізде жұмыс істеген. Кейін сотта іс қозғалды, ал компания платформаны іске қоса алмады, ол қазір жұмыс істеп тұрған жоқ», - деп жауап берді Бейбіт Есенбаев тілші сауалына.

Вице-министр БАҚ өкілінің «демек ол платформа жарамсыз ғой» деген нақтылау сұрағына «иә» деп жауап қатты.

Еске салсақ, бұған дейін ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Ericsson Nikola Tesla компаниясының денсаулық сақтау саласына енгізілмек болған атышулы платформасына қатысты түсінік берген еді.

«Ericsson Nikola Tesla ұсынған плафторманың ақпараттық жүйелермен нақты интеграциясы болған жоқ. Біз оның басқа тәсілдерін қарап, жылдамдығы тезірек болатын қылып ойластырып жатырмыз. Қазір оның неше пайыз интеграцияланғанын айта алмаймын. Қазір ол жұмыс істеп тұр ма, жоқ па, оны да айта алмаймын. Біз оның элементтерін қолданамыз», - деген еді ведомство басшысы Б. Мусин.


Соңғы жаңалықтар