Денсаулық сақтау саласына енгізілетін жасанды интеллект қалай жұмыс істейді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан денсаулық сақтау саласына жасанды интеллект енгізетін әлемдегі 16-шы мемлекет болады. Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінде денсаулық сақтау саласын цифрландыру тақырыбында өткен Үкімет сағатында еліміздің Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Өткен жылы Денсаулық сақтау министрлігі мен ІВМ компаниясы арасында денсаулық сақтау саласына жасанды интеллект енгізу бойынша ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Қазақстан денсаулық сақтау саласына жасанды интеллекті енгізетін әлемдегі 16-шы мемлекет болады», - деді Елжан Біртанов.

Оның айтуынша, 2005 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін министрліктің ақпараттық жүйесіне 14 терабайт мәліметтер жинақталған. Бұл 5,8 млрд бет мәтінмен пара-пар. Бұл өте көп көлем. Оны Big-data технологиясы мен жасанды интеллектіні пайдалана отырып өңдеу қажет. Аталған технология денсаулық сақтау саласының проблемалары мен қажеттіліктеріне терең сараптама жасай алады.

«Мұндай технологияларға «Ватсон» жасанды интеллект жұмысы мысал бола алады. Бүгінде біз жүйеге онкологиялық есепте тұрған, аты-жөндері көрсетілмеген аурулардың 100 мың жазбасы берілді. Ақпан айында ІВМ-нен аталған пацентті емдеу бойынша ұсыныс алатын боламыз. «Ватсон» аталған медициналық мәліметтері - кітаптарды, ғылыми жарияланымдарды, барлық дерлік клиникалық хаттамаларды сараптайды және бір минуттың ішінде емдеуде басымдыққа ие ұсыныс береді. Яғни, дәрігерге қандай технологиялар бар екендігі, барынша тиімді жолдары және ғылыми жарияланымдарға сілтеме беріледі», - деді министр.

Соңғы жаңалықтар