Денсаулық сақтау нысандары ерекше бақылауға алынды - Төтенше жағдайлар министрі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қараша айының соңына дейін денсаулық сақтау нысандарын тексеру нәтижесі Үкіметке ұсынылады. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жылыту маусымына дайындықты есепке ала отырып, 417 жылу энергиясымен қамтамасыз ету және 4 322 білім беру нысандарына тексеру жүргізілді. Оның ішінде 47 жылу электр орталығы және 565 оқу орны ереже бұзу жағдайында пайдаланылуда», - деді министр Үкімет отырысында.

Осы орайда ол тиісті ақпарат уәкілетті органдар мен әкімдіктерге жолданғанын жеткізді.

«Пандемияға байланысты денсаулық сақтау нысандары ерекше бақылауға алынды, 1 409 нысан есепте тұр. Қараша айының соңына дейін тексеру шаралары бойынша ақпарат Үкіметке ұсынылады», - деді Юрий Ильин.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Үкімет отырысында Премьер-Министр Асқар Мамин бір ай ішінде барлық өңірде газ-техникалық инспекцияны құруды тапсырды.



Соңғы жаңалықтар