Денсаулық сақтау министрлігіне жаңа жауапты хатшы тағайындалды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Өкімімен Ботагөз Шаймарданқызы Жақселекова Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің жауапты хатшысы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысының Өкімімен Болат Тұрғанұлы Төкежанов басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің жауапты хатшысы қызметінен босатылды.




Соңғы жаңалықтар