+7 (701) 759 90 19
USD 383.95 EUR 429.26
RUB 6.16 CNY 55.02
Jańalyqtar

Денсаулық сақтау министрлігінде «Азаматтарды қабылдаудың бірыңғай күні» өтуде

2019 жылғы 21 қараша 16:53
Бөлісіңіз:
Денсаулық сақтау министрлігінде «Азаматтарды қабылдаудың бірыңғай күні» өтуде

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Камалжан Надыров «Азаматтарды қабылдаудың бірыңғай күні» жалпыреспубликалық іс-шарасы аясында азаматтарды жеке қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Бірыңғай қабылдау күні: 12 мыңнан астам тұрғынның арыз-шағымы тыңдалды Қостанайдың бас полицейі тұрғындардың мәселесін шешті Энергетика министрлігіне келген азамат Алматы облысында гидроэлектр стансасы каскадын салуды ұсынды

Түске дейін барлығы 30-дан астам адам қабылданды, соның қатарында бейнеконференция арқылы байланысқа шыққан Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Атырау, Алматы облыстарының тұрғындары бар.


«Жалпы, өтініштер медициналық қызмет көрсету сапасы, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, шетелде емделу, ғылыми орталықтарда медициналық тексеру, консультациялық көмек көрсету және оңалту, медициналық персоналға шағымдар және басқалар мәселелер қаралды», делінген хабарламада.



Бұл іс-шара Мемлекет басшысының міндеттерін іске асыру аясында өтуде. «Азаматтарды қабылдаудың бірыңғай күнінің» міндеті – азаматтардың нақты әлеуметтік мәселелерін шешуге бағдарланып, халықпен тікелей диалогты нығайту.


Азаматтарды қабылдау қорытындысы бойынша вице-министр тиісті денсаулық сақтау басқармаларының, тауарлар мен қызметтердің қауіпсіздігін бақылау комитетінің басшыларына, Денсаулық сақтау министрлігінің құрылымдық және ведомстволық бағынысты бөлімшелерінің басшыларына мәселелерді шешу үшін бірқатар тапсырма берді.

Қабылдау әлі жалғасуда.

Айта кетерлігі, ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов бастаған делегация Өзбекстан астанасында өтіп жатқан Қазақстанның медицина күндеріне қатысуда.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT