+7 (701) 759 90 19
USD 426.77 EUR 509.95
RUB 5.89 CNY 66.34
Jańalyqtar

Денсаулық сақтау министрлігі жедел жәрдем қызметкерлеріне түсіністікпен қарауға шақырды

2020 жылғы 3 шілде 12:14
Бөлісіңіз:
Денсаулық сақтау министрлігі жедел жәрдем қызметкерлеріне түсіністікпен қарауға шақырды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Гиният жедел жәрдем қызметкерлері шақырту түскен жағдайда жағымсыз жағдайлармен жиі кездесіп жатқанын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жедел жәрдем қызметінің медицина қызметкерлері шақыртулар кезінде жағымсыз эмоциялық жағдайлармен көп кездеседі. Олар өте жоғары физикалық және психикалық жағдайда жұмыс істеп жатыр. Шақыртулар бойынша қызмет көрсету деңгейі бірінші кезекте пациенттердің жағдайының ауырлығына байланысты анықталады. Сондықтан медициналық қызметкерлерге ренжімей, өз кезектеріңізді күткендеріңіз дұрыс», - деді ол ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Ажар Гинияттың айтуынша, тестілеуді жүргізу төңірегіндегі даулы жағдай ПТР-тест тапшылығына байланысты емес. Осы уақытқа дейін Қазақстанда 1,5 млн тест жүргізілген.

«Одан бөлек қосымша 1,2 млн тест сатылып алынуда. Азаматтардың көпшілігі бір мезгілде жүгінген жағдайда ПТР-анализаторлары бар 56 зертхананың өткізу қабілеті жеткіліксіз болып отыр. Осыған байланысты кезек қалыптасып қалады. Осы жылы тамыз айының соңына дейін 20 ПТР-анализатор сатылып алынып, зертханалар саны көбейеді. Тестілеу дәрігерлердің кеңесі бойынша өткізілуі тиіс», - деді ол.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT