Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
Астана: 22 °С
Алматы: 29 °С
USD 338.78 EUR 392.82
RUB 5.35 CNY 52.62
Жаңалықтар

Денсаулық сақтау министрлігі ШҚО-да су басқан елді мекендерге бақылауды күшейтті

2018 жылғы 14 наурыз 11:59 909
Бөлісіңіз:
Денсаулық сақтау министрлігі ШҚО-да су басқан елді мекендерге бақылауды күшейтті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Денсаулық сақтау министрлігі ШҚО-да су басқан елді мекендерге бақылауды күшейтті. Бұл туралы еліміздің Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ұқсас жаңалықтар
19 маусымда Қазақстанда өтетін маңызды шараларға шолу Қостанайлық полицейлер бала ұрлығы туралы ақпаратты растамады

Баспасөз мәліметтеріне қарағанда, бүгінгі күні су тасқынынан зардап шеккен елді мекендердегі, оның ішінде халықты уақытша орналастырған жерлердегі эпидемиологиялық жағдай тұрақты.

«Шығыс Қазақстан облысының Аягөз, Күршім, Глубокое, Зайсан, Зырян, Үржар, Ұлан аудандары мен Өскемен қаласын су басуға байланысты халық арасында топтық инфекциялық ауру жағдайлары тіркелген жоқ. Су басқан және көшірілген халық орналастырылған жерлерде жедел медициналық жәрдем бригадалары кезекшілік атқаруда. Сонымен бірге тұрғындар мен су тасқыны кезінде зардап шеккен адамдар тұратын жерлердің жағдайын бақылауды ұйымдастыру және жүзеге асыру үшін тәжірибелі дәрігерлерден, эпидемиологтардан, гигиенистерден, дезинфекторлардан тұратын шұғыл топтар жұмыс істеуде»,-делінген комитеттің хабарламасында.

Ауыз судың қауіпсіздігіне тұрақты мониторинг ұйымдастырылды. ШҚО тұрғындарын су құбыры және қоғамдық құдықтар суының ластану фактілері туралы, сондай-ақ сарқынды судың жер бетіне шығуы туралы Комитеттің фейсбуктегі парақшасына және мына телефондар арқылы уақтылы хабарлауды сұраймыз:

ШҚО Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті: 8/7232/76-85-99;

Астана қаласындағы ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті: 8 /7172/ 74-17-40 және электрондық адрес: koozmzrk@gmail.com.

ШҚО-дағы ТЖ аймақтарындағы жағдай Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің тұрақты бақылауында тұр.

 

 


Бөлісіңіз:
Онлайн қызметкерлер
Редактор
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
Редактор
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
Мұрағат