Денсаулық сақтау министрлігі саланы цифрландыруға кедергі болған мәселені атады

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Президент сынына іліккен ведомство саланы цифрландыруға қолбайлау болған басты мәселені түсіндірді.

Денсаулық сақтау вице-министрі Бейбіт Есенбаевтың дерегіне сәйкес, бүгінде ведомство мен оның құзыретіне кіретін органдарды цифрландырумен айналысатын ұйым жоқ.

«Денсаулық сақтау жүйесін цифрлық трансформациялау үшін негізгі кедергі - ұйымдастырушылық-техникалық, әдіснамалық жұмыстарды қамтамасыз ететін ұйымның болмауы. Мәселені шешу үшін электрондық денсаулық сақтаудың бірыңғай жүйесін қамтитын заңнамалық деңгейде бекітілген өкілетті орган болуы тиіс. Салдарынан қазіргі ақпараттық жүйеге деген сенімсіздік туындап отыр.

Сондықтан министрліктің мақсаты – барлық медициналық мекемелердің ақпараттық жүйелерін біріктіру. Толық цифрлық трансформация жасау», - деп жауап берді вице-министр ҚазАқпарат тілшісінің сауалына орай.

Бейбіт Есенбаевтың мәлімдеуінше, алдағы уақытта дәрілік заттарды тіркеуден бастап, медициналық ұйымдардағы диагностика процестеріне дейін цифрлық трансформация жүргізіледі.

Бұдан бөлек, вице-министр қазақстандықтардың дербес медициналық деректері қалай қорғалатынына тоқталды.


Соңғы жаңалықтар