Денсаулық сақтау министрлігі менингит бойынша мәлімдеме жасады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Денсаулық сақтау министрлігі менингит бойынша мәлімдеме  жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі  азаматтарды әлеуметтік желілердегі күмәнді мәліметтерге сенбеуге шақырады», -деп атап өтілген ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің  Facebook парақшасындағы видеомәлімдемеде.

Сондай-ақ, Қазақстанның Бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин WhatsApp-та жарияланған  хабарламаға түсініктеме берген.

«WhatsApp пайдаланушылар арасында бір әйелдің үрейлі дауыспен  мектепке дейінгі мекемелерге баратын балаларға менингитке қарсы антибиотикпен емдеу жүргізуге шақырған. Бірақ ол өз есімін, сондай-ақ қандай ұйымның атынан мәлімдеме жасағанын айтпайды.
Денсаулық сақтау министрлігі бұл ақпаратты растамайды және сіздерді әлеуметтік желілердегі шындыққа жанаспайтын ақпараттарға сенбеуге, тек Денсаулық сақтау министрігінің ресми мәліметін пайдалануға  шақырады», - деді Ж.Бекшин.
Сонымен қатар ол Қазақстанда жыл сайын менингитке байланысты 62-ден 424 оқиға, кей жылдары 21 оқиға тіркелетіндігін атап өтті. Ол дерттің алдын алу жолдарын тағы бір еске салды.
Қазақстанда ресми деректер бойынша,менингиттен 9 адамның көз жұмғаны тіркелген. Соңғы оқиға Алматыда 2 маусымға қараған түні болды.  Менингококк жұқпасынан 5 жасар бүлдіршін қайтыс болды.

Соңғы жаңалықтар