Денсаулық сақтау министрлігі МӘМС жүйесіндегі жеңілдік санатын арттыруды ұсынды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесіндегі жеңілдігі бар азаматтар санатын арттыруды ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл ұсыныс ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішевтің төрағалығымен МӘМС енгізу бойынша кедомствоаралық комиссияның отырысындай айтылды.

Жиында МӘМС бизнес процесін автоматтандыруға қатысты бірқатар мәселелер, жеңілдігі бар азаматтар жайлы мәліметті сәйкестендіру үшін ақпараттық жүйені біріктіру, әскерилерді, құқық қорғау органдары, арнайы жасақ қызметкерлері мен Медициналық сақтандыру қорына ақша аудару, жарна төлеуден босатылған өзге де азаматарды есепке алу тетігі талқыланды.
«Қазақстан Республикасының 2015 жыл 16 қарашасындағы «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру» заңына сәйкес, жеңілдігі бар азаматтар 13 санатқа бөлінген. Олар үшін жарнаны мемлекет төлейді. Бүгінде мұндай санаттағы азаматтардың саны 10,3 млн адам немесе жалпы халықтың 56 пайызын құрайды», - делінген хабарламада.
Баспасөз қызметінің мәліметінше, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі «осындай жеңілдігі бар азаматтардың санатын тағы арттыруды қажет» деп есептейді. Табысы төмен отбасыларға медициналық көмек қолжетімді болу үшін 2020 жылдың қаңтарынан бастап МӘМС жүйесіндегі жеңілдігі бар 13 санаттың қатарына жұмыссыздарды, бірінші топтағы мүгедекті бала күнінен күтіп отырғандарды, мемлекеттен атаулы әлеуметтік көмек алатын жандарды да қосуды ұсынады.
Аталған ұсыныстар «ҚР кейбір заң актілеріне арнайы экономикалық және индустриялық аймақ, инвестиция тарту, экспортты дамыту туралы мәселелер бойныша өзгеріс енгізу туралы» заң жобасына кіргізілген.
Заңға енгізілген бұл ұсыныстар қабылданса, әлеуметтік жағдайы төмен халыққа МӘМС бойынша медициналық көмек қолжетімді болады. Сақтандыру бойынша азаматтарға профилактикалық медициналық бақылау (Check-up), медициналық оңалту, жоспарлы стоматологиялық көмек, амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамту, стационарлық көмек, қымбат диагностикалық қызметтер (КТ, МРТ, Полимераздық желілік реакция және т.б.) көрсетіледі.
Медициналық сақтандыру қоры биыл толық сандық жүйеге көшіп, 2019 жылдың соңына дейін медициналық көмек көрсететін мекемелермен келісімді тегіс электронды форматқа ауыстырады. Емханаға тіркелу де автоматтандырылады, сонда адамның медициналық мекемеге баруы міндетті болмайды. Электронды формат МӘМС қатысушылардың санаты туралы ақпарат алу, Медициналық сақтандыру қорына аударылған қаржы жайлы e-Gov порталынан мәлімет алуды да жеделдетеді.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, өзін өзі жұмыспен қамтып жүргендерді рәсімдеу жұмысы жалғасуда. Қазір 2,7 млн адамның 1,8 млн астамы тіркелген.
МӘМС ензігу бойынша ведомствоаралық комиссияның келесі отырысында Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) және МӘМС пакетінің жаңа моделін енгізу, оның бюджеті, жеңілдігі бар санаттағы азаматтарды, әскерилер мен арнайы жасақ қызметкерлерінің құрамын қаржыландыру мәселесі талқыланады.

Соңғы жаңалықтар