Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 369.36 EUR 431.30
RUB 5.45 CNY 53.80
Жаңалықтар

Денсаулық сақтау министрлігі дәрі бағасының қымбаттығына қатысты сынға жауап берді

2017 жылғы 24 сәуір 10:56 2244
Бөлісіңіз:
Денсаулық сақтау министрлігі дәрі бағасының қымбаттығына қатысты сынға жауап берді

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Фармация комитеті ҚазАқпараттың ресми сауалына орай ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Зәуреш Аманжолованың дәріханалардағы дәрі бағасының қымбаттығына қатысты сынына жауап берді.

«Қазіргі уақытта ҚР Денсаулық сақтау министрлігі  бүкіл дәрілердің бағасын реттеу үшін  фармацевтика қоғамдастығының өкілдерімен бірге барлық дәрілік заттардың шекті бағасын қалыптастыру әдістемесін талқылау жұмысын жүргізуде. Министрлік барлық дәрілік заттардың бағасын реттеуге байланысты өзінің  құзіреті шегінде «Халық денсаулығы және денсаулық жүйесі туралы» ҚР Кодексі мен Кәсіпкерлік кодексіне сәйкесінше өзгерістер енгізу мәселесін қарастыруда. Нормативтік-құқықтық база әзірленіп, қабылданғаннан кейін барлық дәрілік заттардың бағасын реттеу жүзеге асырылатын болады», - деді министрліктен ҚазАқпаратқа.

Сонымен бірге ведомство міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында электронды рецент енгізуді жоспарлап отыр, дәрілік заттардың сипаттасы мен бағасы көрсетілген бірыңғай анықтама енгізу бойынша ақпараттық ресурс әзірленуде. Мұнан бөлек, 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» денсаулық сақтауды дамытудың мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру іс-шараларының жоспарына дәрі-дәрмекті сатуда қатысушы барлық тараптың жоғары жауапкершілігі жөніндегі әдеп нормасын енгізу көзделіп отыр. Бұл  медициналық қызметкерлермен қатар өндірушілердің де іс-әрекетін регламенттеуге мүмкіндік береді.

«Министрлік тарапынан дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медициналық техникаларды сатудың әдебі тетіктерін әзірлеу бойынша ұсыныстар дайындайтын жұмыс тобы бекітілді», - делінген комитеттің ақпаратында.

Министрліктің ақпаратына сәйкес, дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың және медициналық техникалардың айналымы саласындағы мемлекеттік бақылауды ҚР ДСМ Фармация комитеті мен оның еліміздің барлық 16 өңірінде орналасқан аумақтық бөлімшелері жүзеге асырады. Қазіргі уақытта  12 мыңнан астам фармацевтикалық қызметтің нысаны мемлекеттік бақылауға алынған. Аталған нысандардың 94 пайызы жекеменшік. Оның 76 пайызы шағын кәсіпкерлік субъектісі саналады. Ал оның басым бөлігін  дәріханалар құрап отыр. Елімізде бүгінде 8 мыңнан астам дәріхана бар.

Естеріңізге сала кетсек, Мәжілістің жалпы отырысында депутат Зәуреш Аманжолова ҚР Денсалық сақтау министрлігіне сауал қойған болатын. Оның айтуынша, дәріханаларда рецептілік дәрі-дәрмектер еш бақылаусыз беріледі.

«Көбінесе адамдар дәріханаға келеді де, ауру белгілерін айтып, қандай дәрі ішуге болатынын сұрайды. Ал дәріхана қызметкерінің қымбат дәріні ұсынатындығы сөзсіз. Сонымен бірге, кей жағдайда, пациенттер науқасы жайлы интернеттен оқып алып, сонда көрсетілген дәрілерді сатып алады, себебі оларға қолжетімді. Яғни, медикаменттер дәрігердің нұсқауымен емес, ақыл-кеңес бойынша өткізіліп жатыр», - дейді ол.

Осыған байланысты депутат дәрі-дәрмектерді сатудың әдеп және кәсіби нормаларын, дәрі-дәрмектің өндірушіден пациентке дейін жетуін қадағалау жүйесін енгізу қажеттігін атап өткен болатын.

 

 


Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Онлайн қызметкерлер
Редактор
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
Редактор
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059
Мұрағат