Денсаулық сақтау министрі «СҚ-Фармация» жұмыс тобының мүшелерімен кездесті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой онлайн-форматта «СҚ-Фармация» ЖШС Қоғамдық жұмыс тобының мүшелерімен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«СҚ-Фармацияның» бастамасымен өткен жүздесу дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету саласындағы проблемаларды, мүмкіндіктер мен жүйелі мәселелерді, сондай-ақ өзара іс-қимыл тетіктерін анықтауға арналды.

Қатысушылар министрмен бірге дәрі-дәрмекті сатып алуды жетілдіру, жоспарлау және логистика, фармацевтика нарығының даму мәселелерін талқылады.

Қоғамдық жұмыс тобының ұсынысы бойынша «СҚ-Фармацияда» компания қызметінің стратегиялық бағыттарын жобалау топтары ашылады. Олар дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жүйесін жетілдіруге көмектеседі. Дәрі-дәрмек сатып алу мен логистиканы жетілдіру, жоспарлау, таңбалау, отандық фармацевтикалық өндірісті, Big Pharma бағдарламасын (ТОП-30 Халықаралық фармацевтикалық брендтерінің тәжірибесі), IT дамытуға ықпал етеді.

Кездесу барысында министрге компания жұмысының барынша ашық болуына әсер ететін тетіктер ұсынылды. Мәселен, жақында «СҚ-Фармацияда» «Проблемалық мәселелер кітабы» ашылды.

Жұмыс тобының отырыстарында көтерілген барлық мәселе «Проблемалық мәселелер кітабына» енгізіледі, қаралады және жедел шешім қабылданады. Атап айтқанда, «Проблемалық мәселелер кітабы» аясында 44 жүйелі мәселе көтерілді.

СҚ-Фармация жұмыс тобының мүшелері бірыңғай дистрибьютор жүргізетін пандемияға қарсы күрес жөніндегі жұмысқа азаматтық қоғамның белсенді қатысуын қамтамасыз еуді ұсынды.


Отырыста әлеуметтік маңызы бар орфандық препараттарды қоса алғанда, дәрі-дәрмектердің мерзімі мен оларды тіркеу мәселелері көтерілді.

Өз кезегінде, министр бүкіл әлемде кез келген препарат міндетті тіркеуден өтетінін, өйткені өнімнің қауіпсіздігі пен тиімділігіне қатысты мәселе туған жағдайда мемлекеттік орган тиісті тексеру жүргізу үшін құжат қажет екенін атап өтті. Себебі сирек кездесетін ауруы бар науқастардың өмірі кейде белгілі бір препаратқатәуелді болады.

Сонымен қатар, қоғам белсенділері фармакологиялық қадағалауды күшейтуге назар аударды. Өйткені, сары карталар жеткіліксіз және дәрілік заттарды пайдаланудың тиімділігі мен қауіпсіздігін бағалауда жүйелі тәсіл қажет.

Қоғам белсенділері Қазақстан Республикасының аумағында тіркелмеген ДДСҰ негізгі дәрілік заттар тізіміне кіретін дәрі-дәрмекті қолжетімді етутуралы ұсыныс жасады. Жұмыс тобы мүшелерінің пікірінше, бұл халықты базалық дәрілік заттармен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Жұмыс тобы әрбір өңір деңгейінде мониторинг жүргізуге мүмкіндік беретін дәрілік заттарды тұтынуды бағалау мәселесін қарастыруға жеке тоқталды.

Сонымен қатар, тараптар пандемия жағдайында денсаулық сақтау жүйесінің жұмыс істеу модельдерін талқылады, халықты үздіксіз дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді жетілдірудің жалпы тәсілдерін белгіледі.

«Компанияда енгізілетін барлық жаңалықты, үздіксіз дәрі-дәрмек жеткізуді жолға қою және бірыңғай дистрибьютордың жұмысын жақсарту үшін қажетті шаралар қабылдау жоспарланып отыр», - деді «СҚ-Фармация» ЖШС Басқарма төрағасы Ерхат Есқалиев.

Кездесу қорытындысы бойынша А.Цой отырысқа қатысушылардың сұрақтарына жауап беріп, министрліктің қоғам белсенділерімен ынтымақтастықта өзара іс-қимыл жасауға адайын екенін жеткізді.

Естеріңізге сала кетейік, «СК-Фармация» ЖШС-де Қоғамдық жұмыс тобы құрылды. Оған азаматтық қоғам мен бизнес-қауымдастық өкілдері, депутаттар мен салалық сарапшылар кірді.

Жұмыс тобы қоғамдық маңызды мәселелерді шешу үшін азаматтық қоғаммен өзара қатынасты жақсарту мақсатында құрылған. Бүгінде 2 отырыс өткізді. Жұмыс тобының жиыны «СҚ-Фармация» ЖШС фейсбуктегі ресми парақшасында тікелей таратылады.


Соңғы жаңалықтар