Денсаулық сақтау министрі лауазымына Елжан Біртановтың кандидатурасы мақұлданды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрі лауазымына Елжан Біртановтың кандидатурасы мақұлданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл талқылау ҚР Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің отырысында «Қазақстан Республикасының Парламентi және оның депутаттарының мәртебесi туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес өткізілді.

ҚР Премьер-Министрінің тапсырмасымен кандидатураны ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің жетекшісі Нұрлан Алдабергенов ұсынды.

Талқылаудан кейін Біртанов Елжан Амантайұлының кандидатурасын ҚР Денсаулық сақтау министрі лауазымына ұсынуға болатыны туралы Тұжырымдама бекітілді.

Елжан Амантайұлы Біртанов 1971 жылы 18 қазанда Жамбыл қаласында дүниеге келді.

Алматы мемлекеттік медицина университетін, Аризона штатының университетін, Ресей дипломынан кейінгі медициналық білім академиясын, Шарите Университеттік клиникасын (Германия), Тұран университетін, Duke University, Fugua School of Business (АҚШ), Global Executive МВА магистратурасын бітірді.

Алматы қаласында жедел медициналық көмек ауруханасының реаниматолог-дәрігері, Республикалық токсикология орталығының басшысы, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бас токсикологы, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің «Денсаулық сақтауды дамыту институты» РМК директоры, ҚР Премьер-Министрінің кеңесшісі, «Ұлттық медициналық холдинг» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары, ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі, «Ұлттық медициналық холдинг» АҚ Басқарма төрағасы болып жұмыс істеді.

2014 жылғы мамырдан бастап - Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобаларын сүйемелдеу орталығы басқармасының төрағасы. 2015-2017 жылдары ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі. 2017 жылдан бүгінгі күнге дейін ҚР Денсаулық сақтау министрі болды.

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісінің үздігі. Медицина ғылымының докторы.

Соңғы жаңалықтар