Денсаулық сақтау мен әлеуметтік салаға салынған барлық инвестицияның 20 пайызы – Астана үлесінде

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – 2022 жылғы қаңтар-тамызда денсаулық сақтау және әлеуметтік қызмет көрсету саласындағы негізгі капиталға салынған инвестиция 105,9 млрд теңгені құрады., деп хабарлайды ҚазАқпарат Finprom.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл бір жыл бұрынғыдан құндық мәнде 6,5%-ға артық. Күрделі салымдардың нақты көлемінің өсімі небары 4,1%-ға жетті.

Салыстырырмалы түрде: 2021 жылдың сәйкес кезеңінде секторға салынған инвестиция жылына минус 4% - 99,5 млрд теңгені құрады.

Өңірлік тұрғыда инвестицияның ең көп көлемі елорда үлесіне тиді: 21 млрд теңге немесе республика бойынша салынған инвестицияның жалпы көлемінің 19,9%-ы. Құндық мәндегі инвестицияның жылдық өсімі 72,3%-ды құрады.

Үздік «үштікке» сонымен қатар Жамбыл (11,3 млрд теңге, жылына плюс 53,6%) және Шығыс Қазақстан (11,3 млрд теңге, жылдық өсім екі есе) облыстары кірді.

Салаға салынған инвестицияның ең азы Атырау, Ұлытау және Қызылорда облыстарына тиесілі.


Соңғы жаңалықтар