Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі QazVac вакцинасын салдырды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов Нұр-Сұлтан қаласындағы № 9 емхана базасында Қазақстанда әзірленіп, жасалған QAZVAC коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаны салдырды. Бұл туралы ҚазАқпарат аталмыш ведомоствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Хаттамаға сәйкес, М. Шоранов медициналық тексеруден өтіп, дәрігердің қорытындысынан кейін егу кабинетіне барды. Ресейлік «Спутник V» вакцинасынан айырмашылығы, бір QAZVAC құтысы бір адамға арналған.

Екпе алғаннан кейін Денсаулық сақтау вице-министрі 30 минут медициналық бақылауда болды.

«Бүгіннен бастап қазақстандық вакцинаны біздің азаматтарымыз салдыра алады. 50 мың дозалық бірінші партиясы өңірлерге жөнелтілді. Өздеріңіз білетіндей, бұрын менің әріптестерім Ажар Ғиният пен Ерлан Қиясов Спутник V вакцинасын бірінші болып салдырған, бүгін біз Денсаулық сақтау министрі Алексей Владимировичпен бірге азаматтарға препараттың қауіпсіз екенін көрсету үшін отандық өндірістің вакцинасын алдық», - деп атап өтті М.Шоранов.


Бірінші вице-министр сонымен қатар қазіргі кезде өзіне жанама әсерлердің жоқтығын, өзін жақсы сезінетінін айтты.

Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысының 2021 жылғы 26 қаңтардағы тапсырмасын орындау мақсатында халықты жаппай вакцинациялауды қамтамасыз ету үшін Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институты базасында қазақстандық COVID-19 вакцинасының алғашқы партиясы QazCovid-in (QAZVAC) шығарылды.

«СҚ-Фармация» Бірыңғай дистрибьюторының хабтарына 50 мың доза көлемінде отандық вакцинаның бірінші партиясы 23 сәуірде жеткізілді. Оның ішінде 6 000 дозаны Нұр-Сұлтан мен Алматы, 4 000 дозадан – Шымкент, Қарағанды, Шығыс Қазақстан және Алматы облыстары алады, қалған өңірлерге екі мың дозадан тиеді.
Министрді вакцинациялау барысы тікелей эфирде ведомствоның Facebook-тегі ресми парақшасында көрсетілді.


Соңғы жаңалықтар