Денсаулық министрлігі вакцинация кезінде «чиптеу» туралы айтты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов коронавирусқа қарсы вакцинациялау мәселесінде «чиптеу» туралы дақпыртқа сенбеуге шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мемлекет басшысының QR жүйесін енгізу (иммундық мәртебе туралы ақпараты бар код) жөніндегі тапсырмасын орындау үшін және жүйеленген есепті жүргізу мақсатында вакцинациялаудың электронды паспорты әзірленуде. Вакцинациялау туралы мәліметтер электронды форматта министрліктің орталықтандырылған ақпараттық жүйесіне енгізіледі. Бұл шара өз кезегінде вакцинацияланған азаматтарға есеп жүргізіп, халықтың иммундық мәртебесін бақылауға көмектеседі», - деді Марат Шоранов ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Сондай-ақ ол чиптеуге қатысты қауесеттерге тоқталды.

«Чиптеу» туралы сұрақтардың қойылатынын алдын ала біле отырып, бұл осындай фэйкті жариялайтын вакцинацияға қарсылық білдірушілердің негізсіз мәлімдемесі екенін атап өткім келеді. Құрметті журналистер, псевдосарапшылардың сөзіне сенбеуге шақырамын», - деді ол.


Соңғы жаңалықтар