Денсаулық министрлігі коронавирус науқастары бойынша мәлімет ұсынды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Өткен тәулікте коронавирус жұқтырған 60 науқас тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

Мәліметке сәйкес, коронавирус инфекциясы 60 адамнан анықталды, 2 науқас қайтыс болды. Сондай-ақ коронавирус пневмониясы 4 адамда тіркелді.

Осы уақытта індеттен ел өңірлерінде 1 129 адам емделіп жатыр, оның ішінде коронавирустан – 997 (КВИ+), коронавирус пневмониясынан 132 (КВИ-) науқас. 119 пациент стационарда жатса, 1 010-ы амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

- 4 адамның жағдайы ауыр,

- 3 пациенттің жағдайы өте ауыр,

- 1 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.


Соңғы жаңалықтар