+7 (701) 759 90 19
USD 422.87 EUR 512.1
RUB 5.63 CNY 64.49
Jańalyqtar

Денсаулық министрлігі ІІ тоқсандағы оқу форматына қатысты айтты

2020 жылғы 21 қазан 18:16
Бөлісіңіз:
Денсаулық министрлігі ІІ тоқсандағы оқу форматына қатысты айтты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Екінші тоқсанда мектеп оқушылары қандай форматта оқиды? Бұл сұраққа Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғинаят жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар

«Балалардың мектепке баруы жөнінде мәселе елдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты болады. Үкімет жанындағы ведомствоаралық комиссия күнде жұмыс жүргізуде. Ол комиссияның құрамына Білім және ғылым министрлігінің өкілдері де енеді. Сол себепті бұл сұрақ кейін шешілетін болады», - деді Ажар Ғинаят.

Еске сала кетсек, бұған дейін бұл сұраққа Білім және ғылым министрлігі жауап беріп, шешімді Денсаулық сақтау министрлігінен күтіп отырғанын хабарлаған еді.

«Мектеп жұмысының форматы кинотеатрлар, сауда орталықтары, фитнес-орталықтар секілді санитариялық дәрігерлердің шешімі мен эпидемиологиялық ахуалға байланысты болады. Тек шынайы ақпарат көздеріне сенуге шақырамыз. Жалған ақпарат таратқан адамдар қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын ескертеміз», - деген болатын БҒМ баспасөз хатшысы Гаухар Омарбек.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT