Денсаулық министрлігі дәмханалар есігіне санитарлық тексеріс қорытындысы туралы қағаз жапсырмақ

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда дәмханалардың есігіне санитарлық тексерістен өткендігі туралы қағаз жабыстырылатын болады. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Көп жасағаннан сұрама, көпті көргеннен сұра». Халық мақалдарында ғасырлық даналық жатыр. Мұны не үшін айтып отырмын. Қазіргі уақытта ҚР Денсаулық сақтау министрлігінде әлемнің жетекші университеттерінде білім алған жас, энергияға толы әрі талантты команда жасақталған. Бұл, Yelzhan Birtanov-тың көшбасшылығының арқасы. Мұндай амал-тәсіл күнделікті жұмысымызға көмегін тигізуде. Және осы жерге аталған мақала дөп келіп тұр. Оның жарқын мысалы Ainur Aiypkhanova. Ол жақында АҚШ-тың қоғамдық тамақтану орнынан фотосуретті көрсетті. Онда санитарлық талаптардың сақталуына құзырлы орган тексерісінің қорытындысы тура кіреберіс есікке ілініп, келушілер берілген бағаны және арыз-шағым үшін барлық байланыс түрлерін көре алады. Біз бұл идеяны министрге ұсындық. Ол қолдау білдірді. Міне, бүгінде оны елімізде жүзеге асыру бойынша жұмыс істеп жатырмыз», - деп жазды вице-министр Facebook-те.

О.Әбішевтің мәліметінше, жобаны іске асыру үшін ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Цифрландыру кеңсесінің командасы арнайы сайт әзірлейтін болады. Онда мобильдік қосымша арқылы жапсырма қағаздардың түпнұсқалығын тексеруге және арыз-шағым қалдыруға болады.

«Алдымызға екі апта мерзімін қойып отырмыз. Есепті бастадық!», - деді ол.




Соңғы жаңалықтар