Денсаулық министрлігі COVID-19 бойынша статистикалық зерттеу жүргізеді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен бірлесіп, елдегі COVID-19 жұқтыру жағдайын анықтау бойынша статистикалық зерттеу жүргізу жобасын бастады. Бұл туралы министр Алексей Цой айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл тапсырманы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 29 қаңтарда Реформалар жөніндегі Жоғары кеңестің үшінші отырысында берген еді.

«COVID-19 ауырғандардың шынайы ахуалын анықтау бойынша статистикалық зерттеу жүргізу үшін министрлік ДДСҰ санитариялық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы филиалының базасында тиісті жобаны іске асыруда. Әрі қарай зерттеу нәтижелері негізінде статистикалық деректерді тіркеу жұмыстары жүреді», - деді А. Цой Үкімет отырысында.

Сонымен бірге, министр Президент тапсырмасы аясында танымал қазақстандық дәрігерлердің ұсыныстарын жан-жақты талқылау үшін министрлік өкілдері мен сарапшылардың қатысуымен кездесу өтетінін айтты. Содан кейін олардың кандидатуралары Денсаулық сақтау саласындағы ұлттық жобаларды анықтау жөніндегі топ құрамына енгізіледі.


Соңғы жаңалықтар