Денсаулық министрі: Тұмауға қарсы 2 миллионнан астам вакцина сатып алдық

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой бірыңғай дистрибьютордың тұмауға қарсы 2 млн 199 мың 990 вакцина сатып алғанын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазіргі уақытта елде зертханалық зерттеу (коронавирусты анықтайтын тест) деңгейі елде тәулігіне 40 мыңға дейін жеткізілді. Сонымен қатар, бүгінгі күні өңірлердегі 11 ветеринарлық зертхана ашылып, олар да 20 мыңға тарта зерттеу жасап үлгерді. Пандемияның кезекті толқынына дайындалу мақсатында жылдың соңына дейін зертханалық зерттеудің тәуліктік мөлшерін 63 мыңға дейін жеткізу көзделіп отыр», - деді Алексей Цой Үкімет отырысында.

Министрдің айтуынша ЖРВИ мен тұмаудың өршитін уақыты келе жатыр.

«Осы эпидемиологиялық кезеңде бірыңғай дистрибьютор тұмауға қарсы 2 млн 199 мың 990 вакцина сатып алып қойды. Бұл мөлшер – жалпы халықтың 11 пайызын қамтуға жол ашады», - деген министр екпе жұмыстары жүрек қан тамырлары мен тыныс алу жолдарында созылмалы аурулары бар адамдарға, жиі ауыратын балаларға, білім беру ұйымдарындағы балаларға, ата-анасының қарауынсыз қалған балаларға, медициналық қызметкерлерге салынатынын жеткізді.


Соңғы жаңалықтар