+7 (701) 759 90 19
USD 436.29 EUR 492.83
RUB 5.92 CNY 68.48
Jańalyqtar

Денсаулық министрі: Екпеден кейінгі қайғылы жайттардың себебі – сәйкестік

2021 жылғы 4 қазан 18:25
Бөлісіңіз:
Денсаулық министрі: Екпеден кейінгі қайғылы жайттардың себебі –  сәйкестік

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Azattyq Rýhy порталына берген сұхбатында вакцинадан кейін тіркелген өлім-жітім жайттарына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстанда қанша жасөспірім мен жүкті әйелдер Pfizer вакцинасын салдырды Өткен тәулікте қанша  қазақстандық вакцина салдырды СҚО-да 2 мыңнан астам жасөспірім Pfizer вакцинасын алды

«Жалпы алғанда вакцинадан болған қайғылы жағдай тіркелген жоқ. Адамдар бірінші және екінші дозасын да алып жатыр. Вакцина алу кезінде туындаған әр жағдай бойынша тұтас бір комиссия құрылып, тексереді. Бұл жерде қайғылы жайттар мен екпенің сәйкес келген жағдайлары екенін түсінген өте маңызды. Елестетіп көріңіз. Елімізде ересек халықтың 7,5 миллионы екпе алып қойған. Коронавирусқа дейін де күн сайын инфарктен 5 адам, инсульттен 10 адамға дейін, өзге аурулардан күн сайын адамдар қайтыс болатын. Олар созылмалы аурулардың әсерінен, ілеспе асқынулардың салдарынан, қан қысымының көтерілуінен бұрын да қайтыс болып жататын. Сол тенденция қазір де өзгеріп жатқан жоқ», - деді министр.

Оның айтуына қарағанда, мұндай жағдайлар психолоигялық тұрғыда вакцина алған кезбен байланыстырылады да, азааттар бірден вакцинадан көре бастайды.

«Бірақ сәйкестік болған жайттардың бәрінде екпе алған адамның созылмалы ауруы, қысымы жоғары болғанын немесе миында ақаулар болғанын көрдік. Сондықтан, аурудың созылмалы анамнезі болған. Осындай жайттың әрқайсысын біз жеке қараймыз. Әрбір осындай жағдай бойынша нақты регламент бар», - деді ведомство басшысы.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Есімжан Нақтыбай

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059

MURAǴAT