ДЕНСАУЛЫҚ: Қандай азық-түлік қоспалары зиянды?

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - confederation.kz сайтында жария болған зиянды азық-түлік қоспалары туралы мақаланы оқырман назарына ұсынамыз.

Шұжық. Е250 - қызғылт түс беретін азық-түлік қоспасы. Бұл қоспа қарыны мен бауыры, өт қабы ауыратын адамдарға кері әсер береді. Мұндай қоспа қақталған балықта болады.

Е621 - бұл натрий глутаматы, сірке суының қуатын арттырушы. Токсикалық зат. Бұрын қытай асханасында бұл күштеп қолданылып, орталық жүйке жүйесінің бұзылуына алып келді. Азғантай көлемі аса қауіпті емес. Бірақ фастфудты (тез дайындалатын лапша, қатқан нандар мен чипстер) көп жейтін адамдар үшін зияны мол екенін ескерту қажет.
Е122 - бояғыш. Көптеген тағамдарда кездеседі. Ал еуропа елдеріндегі асханалардың біраз бөлігі аллергияны арттырады деп, пайдалануға рұқсат етпейді.
Майонез. E466- майонез қатпарланып кетпеуі үшін стабилизатордың қызметін атқарады. Көптеген адамдарда диареяның пайда болуына әкеледі. Арзан майонездерде көп қолданылады.
Е260 - ашыту кезінде қолданылатын сірке суы. Зиянды емес.
Газдалған су. Е211 - көптеген жағдайда аллергияны арттыратын зат. Көптеген ферменттердің белсенділігін арттырады, ағзаны улайды.
Е338 - қышқылдық және сілтілік тепе-теңдікті өзгертеді, асқазандағы қышқыл көлемін ұлғайтады, бүйректе тастың жиналуына әкеледі.
Е330 - лимон қышқылы. Бұл зиянсыз. Бір кездері бұл қоспа канцерогенлі деп жазылған, алайда, дәлелденген жоқ.
Нан. Е503 - аммоний карбонаты. Тыныс алу жүйесіне кері әсерін тигізгуі мүмкін.
Е500 - сода. Соданың зияны жоқ.
Алма. Е230, 231, 232 - дифенил. Мұнымен алманы өңдейді. Оны алманың қабығынан алып тастау мүмкін емес. Сондықтан, алманы тазалап жеген пайдалы. Бұл қоспа бауыр мен бүйрек және жүйке жүйесінің жұмысына кедергі келтіреді.

Соңғы жаңалықтар