ДЕНСАУЛЫҚ: Еңкіш тартып жүру бақытсыздыққа бастайды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Өткізілген жаңа психологиялық зерттеу арқасын тік ұстайтын адамдар үнемі бүкірейіп жүретін адамдарға қарағанда өздерін бақытты сезінетіндерін анықтады.

Lifter-дің жазуынша, бақытсыз адамдар бүкірейеді, ал бақыттылар арқаларын тік ұстап, кеудесін алға шығарып жүреді. Іс жүзінде мұндағы себеп-салдар өзара байланысы кері болуы да мүмкін: тік жүруге үйреніп, өзімізді кепілді түрде бақыттырақ сезіне аламыз.

Қатаң түрде айтқанда, соңғы уақытта ғалымдар дененің «тілі» біздің ішкі сезімдерімізді көрсетіп қана қоймай, оларды елеулі түрде қалыптастыра түседі. Гарвард психологы Эми Кадди егер біз денеміздің белгілерін бұрмалай бастасақ, ішкі өзгерістерді де сезіне бастайтымызды айтады. Қарапайым тілмен айтқанда, бүкір әрі бақытсыз адам өзін тік ұстап жүруге үйретсе, біршама уақыттан кейін өзін бақытты сезінеді.

Соңғы жаңалықтар