Денсаулығына байланысты таға алмайтын адамдарға маска тақпауға болады – Алексей Цой

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой масканы қай кезде тақпауға болатындығын түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қоғамдық орында, халық жиналатын, қызмет алатын және демалатын ғимараттарда, қоғамдық көлікте, даладағы қоғамдық орындарда маска тағу міндетті. 5 жасқа дейінгі балаларға, әлеуметтік ара қашықтық сақталған жағдайда 5 адамға дейін спортпен топтық және жеке айналысқан тұлғаларға, денсаулығына байланысты таға алмайтын тұлғаларға маска тақпауға болады», - деді министр Үкімет отырысында.

Сонымен қатар ол даладағы қоғамдық тамақтану орындарында әлеуметтік ара қашықтық сақталған кезде маска тақпауға болатындығын атап өтті.

«Маска тағу қоғамда пайдалы дағдыға айналуы тиіс. Өкінішке қарай, бүгінде бұл уақытша болса да аса қажеттілік болып отыр. Осылайша, міндетті маска режимін қамтамасыз ету аурудың таралу қарқынын төмендету үшін қосымша факторға айналады. Өйткені, маска таққан кезде халық арасында инфекцияның таралуы қысқарады. Санитарлық талаптардың күшейтілуінің арқасында соңғы 4 аптада барлық өңірде халықтың ауруға шалдығу деңгейінің айтарлықтай төмендегендігін атап өткім келеді. Орташа есеппен алғанда ел бойынша ауруға шалдығу 1,5 есе жуық төмендеді», - деді Алексей Цой.

Осыған дейін министр коронавирус инфекциясының тіркелу жағдайлары 18 пайызға төмендегендігін мәлімдеді.
Соңғы жаңалықтар