+7 (701) 759 90 19
USD 388.70 EUR 428.70
RUB 6.08 CNY 55.46
Jańalyqtar

«Денистің достары» Алматыда мұзды шоу өткізді

2019 жылғы 20 шілде 22:40
Бөлісіңіз:
«Денистің достары» Алматыда мұзды шоу өткізді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда танымал қазақстандық спортшы Денис Тенді еске алуға арналған мұзды шоу өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ұлттық олимпиада комитетіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Денис Теннің арамыздан кеткеніне бір жыл болды

Оған «Денистің достары» бағдарламасында әлемдік мәнерлеп сырғанау спортының жұлдыздары қатысты. Мұзды шоу Дениске жол көрсетіп, бағыт сілтеген бапкерлерге құрмет көрсетуден басталды. Жанкүйерлер Фрэнк Кэрролл мен Елена Буянованы (Водорезова) құрметпен қарсы алды.

Сондай-ақ, Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев пен Қазақстан ҰОК президенті Тимур Құлыбаев кештің қадірлі қонақтары қатарында болды. Әлемдік мәнерлеп сырғанау спортының жұлдыздарын Қазақстанға шақырып, шоу ұйымдастыруды Денистің өзі бастаған болатын. Алғаш рет еліміздегі мұзды шоу 2013 жылы ұйымдастырылды. «Денис пен оның достары» деп аталатын шоу-бағдарлама қазақстандықтар ғана емес, шетелдіктер арасында да үлкен танымалдыққа ие болды.

Шоуды тамашалау үшін әлемнің бірнеше мемлекетінен туристер арнайы Қазақстанға келетін. Ал шоу қатысушылары «Денис пен оның достары» жоғары деңгейде ұйымдастырылатын, мәнерлеп сырғанау әлеміндегі теңдессіз жобалардың бірі екенін алға тартады. Денис ұйымдастырған әрбір шоу қызыққа, шынайылыққа толы болатын. Ең бастысы – халықты бір арнаға тоғыстырып, Қазақстанды бірлігі жарасқан ел ретінде көрсету туралы үлкен арманы сақталды. Бүгінде оның бастаған ісі аяқсыз қалған жоқ. Чемпионды еске алу үшін биыл да жанкүйерлер мен оның достары, мәнерлеп сырғанау спортының жұлдыздары Алматыға жиналды.

Арнайы ұйымдастырылған іс-шараға Мао Асада, Елена Радионова, Кейтлин Вивер, Эндрю Поже, Иван Букин, Александра Степанова, Мура Такахито, Сергей Воронов, Мари Пьер Лерай, Софья Шевченко, Егор Еременко, Дабин Чой, Джереми Эббот сынды Денистің достары жиналды.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Алматы, Спорт, Қоғам, Денис Тен,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT