Денис Уланов Ұлыбританиядағы халықаралық турнирде алтын медаль иеленді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Британдық Ковентри қаласында ауыр атлетикадан «British International Open» халықаралық турнирі өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Ұлттық олимпиада комитетіне сілтеме жасап.

Қазақстандық ауыр атлет Денис Уланов аталмыш турнирде алтын медаль иеленді. 81 келіге дейінгі салмақта отандасымыз алдына жан салған жоқ. Қоссайыста 325 келі нәтижені (145+180) көрсетіп, халықаралық турнирде топ жарды.

Денистен бөлек, аталмыш турнирде Илья Ильин де өнер көрсетеді. Илья 96 келіге дейінгі салмақта Қазақстанның намысын қорғайды.

Қазақстан атынан аталмыш біріншілікке Илья Ильин (96 келіге дейінгі салмақта) мен Денис Уланов (81 келіге дейінгі салмақта) қатысатыны осыған дейін хабарлаған болатынбыз.

Қазақстан ауыр атлетика федерациясынан хабарланғандай, аталған чемпионатта кем дегенде қола медаль алғандар 2020 жылы Токиода өтетін Олимпиада ойындарына қатыса алады.

Соңғы жаңалықтар