Денис Теннің туыстары қоштасу рәсімін лайықты өткізуді сұрады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат -Денис Теннің немере ағасы Алматыда көше бұзақылары қолынан қаза тапқан спортшыны ақтық сапарға лайықты түрде шығарып салуды сұрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Денис өмірден өтті. Ол менің інім ғана емес, еліміздің намысын қорғаған даңқты спортшы еді. Ертең таңғы сағат 10-да Балуан Шолақ сарайында Денистің жаназасы өтеді. Енді оны соңғы сапарға абыроймен шығарып салуымыз керек. Ертеңгі жаназаның лайықты түрде өтуін сұраймыз. Ондағы кез келген төтенше оқиға мен түсініспеушіліктер Денистің әруағына тас атқанмен тең», - деді қазақстандық чемпионның немере ағасы. 

Қазақ спортының жарық жұлдызына айналған Денис 19 шілде күні Алматыда көше бұзақыларының қолынан қаза тапқан еді.

Соңғы жаңалықтар