Денис Теннің өліміне қатысты істі тергеу аяқталды - Қалмұханбет Қасымов

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Олимпиада ойындарының жүлдегері, мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің өліміне қатысты қылмыстық істі тергеу амалдары аяқталды. Бұл туралы бүгін Парламент Сенатында тілшілерге ҚР Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біз қылмыстық істі тергеуді аяқтадық. Қазіргі кезде іс материалдарымен танысу процесі жүріп жатыр. Осы орайда материалдармен танысу шаралары аяқталғаннан кейін, оны бірден сотқа жолдаймыз», - деді Қ. Қасымов.

Еске салсақ, Денис Тенді 19 шілдеде Алматы қаласында белгісіз біреулер пышақтап кеткен еді. 
Ауыр халде ауруханаға жеткізілген спортшы көз жұмған болатын. 

Денис Теннің өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалып, күдіктілер іздестірілді. Елбасы Денис Тенге қатысты қылмысты мұқият тексеруді тапсырды. Кейін ҚР ІІМ күдіктілердің ұсталғанын жария етті.

Еске сала кетсек, қыркүйек айының соңында Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов аталмыш қылмыстық істің тергелуіне қатысты мәлімет берген болатын.

 

Соңғы жаңалықтар