Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 386.34 EUR 427.25
RUB 5.88 CNY 54.57
Jańalyqtar

Денис Теннің өлімі бойынша айыпталғандар кісі өлтіргенін мойындамады

2019 жылғы 3 қаңтар 12:06 1717
Бөлісіңіз:
Денис Теннің өлімі бойынша айыпталғандар кісі өлтіргенін мойындамады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Денис Теннің өліміне қатысты іс бойынша басты сот талқылауы жалғасуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі сот залынан.

Бүгінгі отырыста прокурор Қуандық Досов сотталушыларға қатысты айыптау актісін оқыды.

«2018 жылы маусымда бөтеннің мүлкін жымқыру мақсатымен сотталушы Құдайбергенов Шагабутдинов Шевченко көшелерінің қиылысында тұрған Жаңқабаевтың Lexus көлігінің айнасын алып кеткен. Осылайша оған 608 мың теңге көлемінде шығын келтірді. Өзінің қылмысын жасыру мақсатында ол айналарды Шаңырақтағы сайға лақтырып кеткен. Сонымен қатар, Құдайбергенов 11-шілдеде заңсыз жолмен ақша табу мақсатында Астанадағы күйші Дина көшесінде Шəмшиевтің көлігінің айнасын шешіп кеткен. Осыған байланысты Құдайбергеновке ҚР ҚК 188-бабы бойынша айып тағылды. Кейін Қиясов пен Толыбаева, Құдайбергенов үшеуі «Магнум» сауда үйінен ас үй пышағын, қолғап сатып алған.

19-шілде күні Құрманғазы көшесінен шығысқа қарай Байсейітова көшесінде LEXUS 708 02 нөмірлі көлігінің тұрғанын байқаған. Олар көліктерін «Достық» қонақ үйінің қасына қалдырып, Теннің автокөлігіне қарай жаяу жақындаған. Толыбаева жан-жағына қарап, адамдардың қарасы азаюын, ыңғайлы сəтті күтіп, 7 метр ара қашықтан аймақты бақылап тұрған. Құдайбергенов болса көліктің айнасын шығарып алып, көлік иесіне 199 мың теңге шығын келтірген. Сол сəтте Денис Тен Толыбаеваның қасынан өтіп, көлігінің жанында тұрған бөтен адамды көреді. Оның көлік айнасын ұрлық жасап жатқанын байқаған соң айнасына жармаса кеткен. Құдайбергенов сол сəтте Байсейітова көшесіне қарай қаша жөнелген. Тен көп ұзамай оны қуып жеткен. Сол кезде Құдайбергенов пен Тен арасында төбелес басталған. Құдайбергенов шалбарының белбеуін алып Теннің бетінен ұра бастаған. Сол сəтте Қиясов рюкзактан пышақты алып арт жағынан келген. Қиясов өздерінің қылмысын жасыру мақсатында адам өлтіру қылмыстық ой пиғылы пайда болған. Құдайбергенов Тенді ұстай тұрады. Сол кезде Қиясов Денис Теннің оң жақ санының артериясының жоғарғы тұсынан екі рет пышақ салды. Тен алған жарақатынан сол жерде қайтыс болды»,- деді мемлекеттік айыптаушы Қуандық Досов.

Прокурор Арман Құдайбергеновке ҚР ҚК 192-бабының 2-бөлімі, ҚР ҚК 188-бабы, ҚР ҚК 99-бабының 2-бөлімі бойынша айып тағылғанын айтты. Ал Қиясовқа ҚР ҚК 192-бабының 2-бөлімі, ҚР ҚК 2-бөлімі, 7-8 тармағы бойынша айып тағылды.

Мемлекеттік айыптаушы Жанар Толыбаеваға ҚР ҚК 188-бабы мен ҚР ҚК 434-бабы негізінде айып тағылғанын жеткізді.

Ал сотталушылар Арман Құдайбергенов пен Нұралы Қиясов өздеріне тағылған адам өлтіру айыбымен келіспейтіндерін айтты.

«Мен ұрлық жасағанымды мойындаймын. Қарақшылық пен адам өлтіру қылмысын жасау ойымда болған жоқ. Жаңқабаев пен Шəмшиевтің, Теннің айнасын алғанымды мойындаймын»,- деді Құдайбергенов.

Қиясов та өз қылмысын мойындаған жоқ.

Сотталушы Жанар Толыбаева ҚР ҚК 188-бабын 30-бапқа ауыстыруды өтінді. Оның айтуынша, ол қылмысқа бара жатқанын білмеген.

«434-бапты да мойындамаймын. Себебі, мен пышақ салып жатқанын көрген жоқпын»,- деді Жанар Толыбаева.

Мұның алдындағы отырыста қос тарап алдын ала тыңдалым барысында өз талап арыздарын айтқан болатын.

Оксана Теннің құқығын қорғаушы Нұрлан Өстеміров Денисті біреулер тапсырыспен өлтіруі мүмкін деген оймен істі қайта тергеуге жіберуді сұраған болатын.

Судья сот залынан тыс кеңесу бөлмесінде кеңесуден соң істі прокуратураға қайта тергеуге жіберу қажеттілігі жоқ деп шешті.

Сонымен қатар, жәбірленуші тарап Денистің ұрылармен жаға жыртысып жатқанын екі полицей көргенін айтты.

Сотталушы Жанар Толыбаева өзінің жүктіліктің 6,5 айлығында екенін мəлімдеген болатын.

Еске салсақ, Денис Тенді биыл 19 шілдеде Алматы қаласында белгісіз біреулер пышақтап кеткен еді. Ауыр халде ауруханаға жеткізілген спортшы көз жұмған болатын.

Денис Теннің өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалып, күдіктілер іздестірілді. Елбасы Денис Тенге қатысты қылмысты мұқият тексеруді тапсырды.

Кейін ҚР ІІМ күдіктілердің ұсталғанын жария етті. Ал, қыркүйек айының соңында Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов аталмыш қылмыстық істің тергелуіне қатысты мәлімет берген болатын.

25-желтоқсанда Алматының қылмыстық істер бойынша ауданаралық мамандандырылған сотында белгілі спортшының өлімі бойынша алдын ала сот тыңдалымы өтті.

 

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Денис Тен, Заң, Оқиға,
Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлмира Ғосманәли

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT