Денис Теннің өлімі барша спорт үшін ауыр қайғы - Халықаралық конькишілер одағы

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Халықаралық конькишілер одағы (ISU) қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің өлімі орны толмас қайғы деп мәлімдеді. Бұл туралы ISU техникалық комитетінің төрағасы Александр Кибалкоға сілтеме жасап ТАСС хабарлайды.

Айта кетейік, Сочи Олимпиадасының жүлдегері, мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен бүгін Алматыда ұрылардың қолынан қаза тапқан болатын.

«Бұл туралы айтудың өзі ауыр. Оның Сочидегі өнерін көргенмін, оған бұрынғы отандасым ретінде жанкүйер болдым. Мен де Қазақстанда тудым. Бұл жан түршігерлік оқиға, орны толмас өкініш. Барша конькишілер, бүкіл спорт үшін зор қайғы. Құқық қорғау органдары қаскөйлерді табады деп сенемін. Бүкіл Қазақстанға, Денистің отбасына қайғысына ортақтаса көңіл айтамын», - дейді Кибалко. 


Фото:Сергей Бобылев/ТАСС

Соңғы жаңалықтар