Денис Теннің мәнерлеп сырғанаудағы жеңісті сәттері

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Денис Тен Қазақстан спорты тарихында ерлер арасындағы мәнерлеп сырғанаудан тұңғыш Олимпиада медалін сыйлаған еді. ҚазАқпарат агенттігі спортшыға жеңіс әкелген жарыстардың жарқын сәттерін ұсынады. 

Денис Тен Қазақстанның үш мәрте чемпионы, ҚР Еңбек сіңірген спорт шебері, «Астана» кәсіби Президенттік клубының мүшесі. Мәнерлеп сырғанаудан 2013 жылғы Әлем чемпионатының күміс жүлдегері, VII қысқы Азия ойындарының чемпионы, ISU ұйымдастырумен өткен халықаралық турнирлердің бірнеше дүркін жеңімпазы.

Денис Тен 2011 жылы Астанада өткен VII қысқы Азия ойындарында Қазақстан қоржынына алтын медаль сыйлады

2013 жылы қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Канадада өткен әлем чемпионатында күміс медаль иеленді.

2014 жылғы Сочи Олимпиадасында қола медальға қол жеткізді. Бұл, Қазақстанның аталмыш Олимпиадада иеленген жалғыз медалі еді және оны Денис Тен сыйлады. Ол сондай-ақ Қазақстан тәуелсіздігі тарихында мәнерлеп сырғанаудан Олимпиаданың медалін иеленген тұңғыш спортшы атанды.

2015 жылдың желтоқсан айында Хорватияда өткен «Золотой конек Загреба» турнирінде қысқа бағдарлама бойынша «алтын» алды. 

Сонымен қатар Алматыда өткен «Универсиада 2017» студенттер олимпиадасында алтын медаль еншіледі.

2017 жылы  25 қарашада  Қытайда өткен Shanghai Trophy 2017 халықаралық турнирінде үшінші орынға көтерілді. 

Соңғы жаңалықтар