Денис Теннің Корея Олимпиадасынан жүлде алуға мүмкіндігі бар - жаттықтырушысы Стефан Ламбьель

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыда Денис Теннің «Олимпиада энергиясы» мұз айдыны шоуына қатысуға келген әлемнің мәнерлеп сырғанаушы жұлдыздары баспасөз брифингіне қатысты. Олар Қазақстан туралы ойларымен бөлісті.

Сөз арасында олимпиада жүлдегерінің би қойылымы бойынша жаттықтырушысы Стефан Ламбьель Денис Теннің мүмкіндігін жоғары бағалайтынын жеткізді.

«Кореяда өтетін келесі Олимпиадалық ойындарда Денистің жүлде алуға барлық қабілеті бар. Оған қабілеті де, мүмкіндігі де жетеді», - деді швейцариялық Стефан Ламбьель.

Сондай-ақ, ол өзінің шәкіртінің жеткен жетістігіне өте қуанышты екенін жеткізді.

«Осыдан бірнеше жыл мен Денисті би бойынша жаттықтырған болатынмын. Содан бері қанша уақыт өтті. Мен шәкіртімнің әр жетістігіне өте қуаныштымын. Ол тек шәкіртім емес. Екеуміз жақсы доспыз. Арамызда толық үндестік орнаған. Тек музыка таңдаған кезде ғана келіспей қаламыз», - деп күлді Стефан Ламбьель.

Естеріңізге сала кетейік, Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы сарайда 29-30 мамырда әлем жұлдыздарының қатысуымен «Олимпиадалық энергия» мұз айдыны шоуы өтеді.

Соңғы жаңалықтар