Денис Теннің бейнесі жадымызда мәңгі сақталады - Нұрсұлтан Назарбаев

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Сочи Олимпиадасының жүлдегері, Қазақстанның еңбек сіңірген спортшысы Денис Теннің қайғылы қазаға ұшырауына байланысты оның отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мемлекет басшысының жеделхатын әйгілі спортшыны ақтық сапарға шығарып салу рәсімінде ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы оқып берді.

«Қазақстандық танымал спортшы, 2014 жылы Сочиде өткен Олимпиаданың қола жүлдегері, Денис Юрьевич Теннің қазасын қабырғамыз қайыса қабыл алдық. Мен Сіздердің қайғыларыңызға ортақпын. Бұл орны толмас өкініш, әрине. Денис қазақстандық мәнерлеп сырғанау мектебінің қалыптасып, дамуына, қазақстандық спортты әлемдік деңгейге шығаруға өлшеусіз үлес қосқан азамат. Оның үлкен жетістіктері елімізді әлемге танытып, жастардың спортқа деген ынта-ықыласын арттырды. Денис танымал спортшы, әлем халқы мойындап, қадір тұтқан дарын иесі ғана емес, ешкімге ұқсамайтын еркше тұлға, Қазақстанның патриоты болатын. Денис Юрьевичтің бейнесі біздің жадымызда мәңгі сақталады»,-делінген жеделхатта.

Айта кетейік, қазақстандық спортшы Денис Тен 19 шілде күні пышақтан алған жарақаттан қайтыс болды. Спортшы көлігінің айнасын ұрламақ болған екі адамның қылмысының үстінен түскен. Арада басталған жанжалдың салдарынан ұрылар Денис Тенге пышақ сұғып алған.

Соңғы жаңалықтар