Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 386.34 EUR 427.25
RUB 5.88 CNY 54.57
Jańalyqtar

Денис Теннің арамыздан кеткеніне бір жыл болды

2019 жылғы 19 шілде 11:03 277
Бөлісіңіз:
Денис Теннің арамыздан кеткеніне бір жыл болды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Осыдан бір жыл бұрын дәл осы күні қазақстандық мәнерлеп сырғанау шебері Денис Тен кісі қолынан қаза тапқан болатын, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Ұқсас жаңалықтар
Алматылықтар Денис Теннің ескерткішіне гүл шоқтарын қойып жатыр

Денис Тен өткен жылы 19 шілдеде 25 жасында қайтыс болды. Күндізгі сағат үштер шамасында ол Байсейітова мен Құрманғазы көшелерінің қиылысындағы мейрамханадан шыққан. Екі жігіттің көлігінің айнасын ұрлап жатқанын байқаған Денис оларды тоқтатпақ болған кезде жамбасынан жарақаттанды.

Жедел жәрдемді жақын маңда өтіп бара жатқан адамдар шақырған. Ол №12 қалалық орталық клиникалық ауруханаға 15.23-де жеткізілді. Дәрігерлер оның жағдайын ауыр деп бағалады. Ақ халаттылар оның өміріне араша түсе алмады. Үш литр қан жоғалтқан Денис Тен 17: 30-да қайтыс болды.

Сочи олимпиадасының жүлдегері, мәнерлеп сырғанаушы Денис Тенді ақтық сапарға шығарып салу рәсімі 21 шілде күні Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өтті. Марқұм Достық кентінде жерленді.

Денис Тенді ақтық сапарға шығарып салуға Үкімет мүшелері, спорт, кино, театр жұлдыздары мен жақын достары және қарапайым халық келді. Жүздеген адамдар онымен көзіне жас алып қоштасты. Спортшыны тірі кезінде өзі жазған әнімен шығарып салды.

Денис Теннің өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалып, күдіктілер іздестірілді. Елбасы Денис Тенге қатысты қылмысты мұқият тексеруді тапсырды. Кейін ҚР ІІМ күдіктілердің ұсталғанын жария етті. Ал, қыркүйек айының соңында Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов аталмыш қылмыстық істің тергелуіне қатысты мәлімет берген болатын.

Алматы полициясы Денис Теннің өліміне қатысы бар екі күдіктіні ұстады. Үшінші күдікті - Жанар Толыбаева да қамауға алынды.

25 желтоқсанда Алматы қылмыстық істер бойынша ауданаралық мамандандырылған сотта белгілі спортшының өлімі бойынша алдын ала сот тыңдалымы өткен болатын.

Оксана Теннің құқығын қорғаушы Нұрлан Өстеміров Денисті біреулер тапсырыспен өлтіруі мүмкін деген оймен істі қайта тергеуге жіберуді сұраған болатын. Судья сот залынан тыс кеңесу бөлмесінде кеңесуден соң істі прокуратураға қайта тергеуге жіберудің қажеті жоқ деп шешті. Сонымен қатар, жәбірленуші тарап Денистің ұрылармен жаға жыртысып жатқанын екі полицей көргенін айтты. Сотталушы Жанар Толыбаева өзінің жүктіліктің 6,5 айлығында екенін мəлімдеген болатын.

Биылғы 17 қаңтарда Денис Теннің өлімі бойынша айыптыларға сот үкімі шықты. Судья Арман Құдайбергеновті 18 жылға бас бостандығынан айырып, жазасын қылмыстық атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде өтеуге үкім етті. Екінші күдікті Нұралы Қиясов та 18 жылға сотталды. Ол жазасын қылмыстық атқару жүйесінің қауіпсіздігі жоғары мекемесінде өтейді.

Сонымен қатар, ҚР ҚК 434-бабымен айыпталған Жанар Толыбаева 4 жылға бас бостандығынан айырылды.

Ақпан айында Денис Тен туралы деректі фильм түсірілді. Фильмді 23 ақпан мен 3 наурыз аралығында Бекмамбетов Синема кинотеатры көрсетті. Туынды белгілі спортшының мұзайдындағы шоуы туралы.

20-24 наурыз аралығында жапон қаласы Сайтамада өткен мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионаты аясында SAITAMA SUPER ARENA ғимаратында Денис Тенді еске алуға арналған фотокөрме өтті. Көрмеге Денис Тен қатысқан барлық байрақты бәсекелердің суреті қойылды. Сонымен қатар, Денис Тен өзі негізін қалаған мұз шоуының сәттері, жұлдыздардың портреттері ұсынылды.

22 маусым күні Алматыда белгілі қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тенге мүсін орнатылды. Ескерткіш спортшы қаза тапқан жерге тұрғызылған.

Денис Тен - қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы. 2014 жылы мәнерлеп сырғанаудан Сочи олимпиадасының қола жүлдегері, 255,10 ұпаймен қола медальға ие болған. Ол мәнерлеп сырғанаудан 2013 жылғы әлем чемпионатының күміс медаль жүлдегері, VІІ қысқы Азия ойындарында мәнерлеп сырғанаудан чемпион, Қазақстанның үш дүркін чемпионы. Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері.

 


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Алматы, Денис Тен,
Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT