Денис Теннің ақтық сапарында қоғам қайраткерлері мен спортшылар көңіл айтты

None
None
   АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанадағы «Барыс-Арена» мұз сарайында өткен Денис Тенмен қоштасу рәсімінде қоғам қайраткерлері мен танымал спортшылар жылы естеліктерімен бөлісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бұл күні Денистің жақындарына көңіл айтуға да сөз табу қиын. Бұл үлкен қайғы және барлығымыз үшін сабақ болды. Мұндай қателікке енді жол бермеу керек. Қош бол және бізді кешір, Денис», - деді ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев спортшымен қоштасу рәсімінде.
null

Қоштасуға келген Оңтүстік Корея Республикасының Қазақстандағы елшісі Ким Дэ Сик Денис Теннің өлімін Қазақстан үшін ғана емес, әлемдік қауымдастық үшін орны толмас қайғы деп бағалады. Елші Денистің тәуелсіздік үшін күрескен танымал корей генералы Мин Гын Хоның ұрпағы екенін еске салды.

«Асыл досымызды ешқашан ұмытпаймыз», - деді елші.
null

Сонымен бірге, Дениспен қоштасуға Қазақстандағы Жапония елшісі Итиро Кавабата да келді. Ол Күншығыс еліндегі табынушылары атынан Денис Теннің отбасына және барша Қазақстан халқына көңіл айтты.

«Біздің халқымыз Денистің қос мемлекет арасындағы достық қарым-қатынастарды нығайтуына қосқан үлесін жоғары бағалайды. Көптеген жапондық мәнерлеп сырғанаушылар қайғыға ортақтасып жатыр. Бұл қайғылы хабар Жапония азаматтарына да ауыр тиді. Денис Теннің таңғажайып өнері мен тұлғалық келбеті мәңгі есімізде қалады», - деді дипломат.
null

Одан кейін Денистің қазасына байланысты қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов және Конькимен жүгіру спорты бойынша Әлем Кубогы (1995) кезеңінің жеңімпазы болған Вадим Шакшабаев сөз сөйледі және көз жастарын тыя алмаған астаналықтар Денис Тенді «Кешір, қош бол» сөздерімен шығарып салды.
nullnullnull

Айта кетейік, қазақстандық спортшы Денис Тен 19 шілде күні пышақтан алған жарақаттан қайтыс болды. Спортшы көлігінің айнасын ұрламақ болған екі адамның қылмысының үстінен түскен. Арада басталған жанжалдың салдарынан ұрылар Денис Тенге пышақ салған.

nullnull
nullnullnull

Соңғы жаңалықтар