Денис Тенмен қоштасу рәсімі Алматыда 21 шілде күні өтеді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Әйгілі қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тенді ақтық сапарға шығарып салу рәсімі 21 шілде күні Балуан Шолақ спорт сарайында өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Алматы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қоштасу рәсімі сағат 10-00-де Балуан Шолақ спорт сарайында басталады.

Айта кетейік, белгілі қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен пышақтан алған жарақатымен ауруханаға 19 шілде күні түс кезінде жеткізілді.

Алматы қалалық ІІД-нің мәліметтері бойынша, белгісіз біреулер спортшының көлігінің айнасын ұрламақ болған.

Оқиғаның үстінен түскен спортшыны ұрылар жамбасынан жарақаттаған.

Спортшы 3 литр қан жоғалтқан. Дәрігерлер оның жағдайын өте ауыр деп бағалады.

Кешірек ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз хатшысы Ернар Әкімқұлов спортшының қаза болғандығын жариялады.

Бүгін ҚР Ішкі істер министрлігі Денис Теннің өліміне күдіктілердің бірінің ұсталғанын жария етті.

Сондай-ақ прокуратура өкілдері ұсталған күдіктінің қылмыс жасағанын мойындағанын жариялады.

Соңғы жаңалықтар