Денис Тенге қосымша қан қажет емес, ресурс жеткілікті - Басқарма басшысы

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қалалық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Серікбол Мусинов Сочи Олимпиадасының жүлдегері Денис Теннің жағдайына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Пациент сағат 15:23-те ауруханаға жеткізілді. Жедел жәрдемді тұрғындар шақырған. Ол есінен танып жатқан. Қан көп жоғалтқан. Гемолитикалық шокпен түсті. Жағдайы өте ауыр десек болады. Барлық қолдан келген шараларды жасап жатырмыз. Қосымша қан қажет емес, ресурс жеткілікті», - деді Серікжан Мусинов.Еске сала кетейік, бүгін спортшы ауыр жарақатпен ауруханаға түскен болатын.

nullОқиға куәгерлерінің айтуынша, спортшыны белгісіз адамдар пышақтап кеткен.

Денис Тен оң жақ санының жоғарғы тұсынан жарақат алған. Қазіргі таңда ауруханада осыған байланысты түрлі сала мамандарының консилиум өтіп жатыр.

null  

null null null null null 

Соңғы жаңалықтар