Денис Тенге ескерткіш қашан орнатылады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қалалық Спорт басқармасының басшысы Рүстем Байсейітов Денис Теннің ескерткіші қашан орнатылатынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстандық спортшы Денис Теннің есімін ел есінде мәңгілік сақтау мақсатында жұмыс атқарылуда. Қазір бұл бағытта финалдық бекіту жүріп жатыр. Ескерткіш спортшы қайтыс болған жерде орнатылып, мамырда ашылу рәсімі өтеді», - деді Рүстем Байсейітов.

Сонымен қатар, спорт басқармасы Денис Тен қорымен бірлесе отырып, Тен атындағы халықаралық турнир өткізуді жоспарлап отыр.

«Қазір Халықаралық мәнерлеп сырғанау федерациясымен бұл сайысты халықаралық күнтізбеге енгізу туралы келісім жүргізіліп жатыр», - деді Байсейітов.

Оның айтуынша, турнирдің қай уақытта өтетіні кейінірек хабарланады.

Соңғы жаңалықтар