Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 386.82 EUR 428.67
RUB 5.86 CNY 54.95
Jańalyqtar

Денис Теннің өліміне қатысты сот отырысы жалғасып жатыр

2019 жылғы 4 қаңтар 15:38 1928
Бөлісіңіз:
Денис Теннің өліміне қатысты сот отырысы жалғасып жатыр

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Олимпиада жүлдегері Денис Теннің өліміне қатысты сот жалғасып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі сот залынан.

Сот алдында үш адам жауап беруде. Олар - ҚР ҚК 434-бабы, ҚР ҚК 24-бабының 3-бөлімі, 188-бабының 2-бөлімінің 1- тармағы бойынша айыпталған Жанар Толыбаева, ҚР ҚК 188-бабының 2-бөлімінің 1 тармағы, ҚР ҚК 99-бабының 2-бөлімімен, 192-бабының 2-бөлімімен қылмыстық жауапкершілікке тартылып отырған Арман Құдайбергенов, ҚР ҚК 99-бабының 2-бөлімімен, 192-бабының 2-бөлімімен қылмыстық жауапкершілікке тартылып отырған Нұралы Қиясов. Қылмыстық іс 38 томнан тұрады.

Сот мәжілісінен шыққан соң сотталушы Жанар Толыбаеваның қорғаушысы Амангелді Сариев журналистерге түсініктеме берді.

Оның айтуынша, бұл қылмыс тапсырыспен жасалды деген қисынға келмейді.

«Бұл қылмысқа ешкімнің, үшінші, төртінші адамдардың қатысы барына дәлел жоқ. Мұнда адамды өлтіру құрамы жоқ. Көрдіңіздер ғой, телефондары, ақшасы, айфоны, көліктің айнасы бәрі қалған. Қарақшылық жасағысы келсе, сумканы босатып алып кетпей ме», - деді Жанар Толыбаеваның қорғаушысы Амангелді Сариев.

Оның айтуынша, Жанар Толыбаева Теннің өлгенін Қапшағайда қыдырып жүргенде естіген

Еске салсақ, Денис Тенді биыл 19 шілдеде Алматы қаласында белгісіз біреулер пышақтап кеткен еді. Ауыр халде ауруханаға жеткізілген спортшы көз жұмған болатын.

Денис Теннің өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалып, күдіктілер іздестірілді. Елбасы Денис Тенге қатысты қылмысты мұқият тексеруді тапсырды. Кейін ҚР ІІМ күдіктілердің ұсталғанын жария етті. Ал, қыркүйек айының соңында Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов аталмыш қылмыстық істің тергелуіне қатысты мәлімет берген болатын. 25 желтоқсанда Алматы қылмыстық істер бойынша ауданаралық мамандандырылған сотта белгілі спортшының өлімі бойынша алдын ала сот тыңдалымы өткен болатын. 

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлмира Ғосманәли

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT