Денис Тен Жаңа жылды отбасының ортасында қарсы алмақ

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сочидегі Олимпиада ойындарының қола жүлдегері, қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен қазақстандықтарды Жаңа 2015 жылмен құттықтады. ҚазАқпарат тілшісіне берген сұхбатында ол Жаңа жылды өз үйінде, отбасымен бірге қарсы алуды жоспарлап отырғанын айтты.

«Бұл отбасылық мереке деп ойлаймын, бірақ өкінішке қарай оны дәстүрлі түрде үйде қарсы алуға мүмкіндік туа бермейді. Мәселен, өткен жылы Олимпиада ойындарына әзірленіп жатқандықтан, Жаңа жылды атап өте алмадым. Сондықтан бұл күнді отбасымен, жақындарымен бірге қарсы алуымды үлкен қуаныш, сондай-ақ 2014 жылдың жақсы аяқталуы мен 2015 жылдың тамаша басталуы деп ойлаймын», - деп атап өтті ол. Алдағы жылы спортшыны жаңа істер күтуде. Денис Сеулде өтетін төрт құрлық чемпионатына (Еуропа чемпионатының баламасы) және Шанхайдағы Әлем чемпионатына қатыспақ. «Жаңа жылға дейін санаулы сағаттар қалды. Бірақ бұл мерекенің бар ерекшелігі, іс жүзінде болып жатқанның бәрі - күнтізбедегі күннің ауысуы мен сағаттардағы жаңа уақыт қана. Егер 2015 жылға жойқын жоспарларыңыз бен үлкен мақсаттарыңыз болса, қазірден бастай беріңіз! Өмірдегі таңғажайып нәрселер біз оларды өз қолымызбен жасағанда ғана жүзеге асады», - деп түйіндеді әйгілі спортшы.

Соңғы жаңалықтар