Денис Тен ұрылардың қылмысының үстінен түскен - Алматы ІІД

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Денис Тенді кімдер пышақтап кеткені белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қалалық ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға Құрманғазы - Байсейітова көшелерінің қиылысында, түскі сағат 15:00 шамасында болған.
«Спортшы көлігінің айнасын ұрлап бара жатқан екі адамның үстінен түскен. Екі арада басталған жанжалдың нәтижесінде әлгі адамдар Денис Тенді пышақтап кеткен. Қазір күдіктілер іздестіріліп жатыр. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды. Бұл жұмысқа барлық ІІД құрамы жұмылдырылды», - деді қалалық ІІД баспасөз қызметінен.
Ал дәрігерлердің айтуынша, Денис Тен ауруханаға өте ауыр жағдайда түскен.
«19 шілде күні сағат 14:56-де Жедел жәрдем стансасына Денис Тенді пышақтап кетті деген хабарлама түсті. Оқиға орнына шұғыл түрде дәрігерлер жетті. Пациент Орталық клиникалық ауруханаға шұғыл жеткізілді. Ол оң жақ санының жоғарғы тұсынан жарақат алған», - дейді дәрігерлер.
Айта кету керек, Денис Тен бүгін ауыр пышақ жарақатымен ауруханаға түскен болатын
- Жамбылда дәрілік заттарды заңсыз сату бойынша 42 факті анықталды
- Алматыда қаланың мобильділік мәселелері қалай шешіледі
- Алматыдан 376 шақырым қашықтықта жер сілкінді
- Қызылордалық полицейлер бес ай бойы жасырынған қылмыскерді іздеп тапты
-
Алматы соты әлеуметтік желіде тараған "мас судьяның" видеосына қатысты тексеруді бастады
-
Футбол: Алматының «Қайратына» неміс шабуылшысы келді
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам