Денис Тен Швейцарияда «Ice Legends» шоуына қатысты (ФОТО)

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Денис Тен Швейцарияда Стефан Ламбьель ұйымдастырған «Ice Legends» шоуына қатысты.

Шоуға Алексей Ягудин, Ламбьельдің өзі және басқа да мәнерлеп сырғанау бойынша әр жылдардағы әлем жұлдыздары қатысты.

«Стефан, жаңа «Ice Legends» жобасына қатысты шексіз қуанышымды ауызбен айтып жеткізе алмаймын, сені мақтан тұтамын. Осы сәтте сенімен, тобыңмен бірге болу мен үшін үлкен мәртебе, өйткені мұндай ірі шараны ұйымдастыру қаншалықты күш-жігерді талап ететінін жақсы түсінемін. Шын жүректен құттықтай отырып, табыстан табысқа жете беруіңе тілектеспін! Келешекте бірлескен жобамыз болады деген үміттемін», - деді Денис Instаgram парақшасындағы құттықтау сөзінде. Бұдан бұрын хабарланғандай , Швейдариядағы шоу барысында Денис Монаконың ханшайымы Алесандра Ганноверскаямен селфи үлгісіндегі суретке түсті.

Соңғы жаңалықтар