Денис Тен өзінің әуестіктері туралы айтты (ФОТО)

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы, Олимпиаданың қола жүлдегері Денис Тен өзінің спорттық жетістіктерімен ғана емес, шығармашылық әуестіктерімен де танымал. Спортшы көптен бері фотосуретке түсірумен айналысып жүр, ал жақында қысқа мезеттік бейнероликтер түсіруде де өзін сынап байқауда.

«Мен осы кезге дейін фотосуретке неге әуес болғанымды өзім де түсінбеймін. Неге - мысалға. музыкамен. Мұның бәрі шығармаылық әуестік, бос уақытты құр өткізбеу. Бірақ та уақыт өте тапшы, идея көп. Ерте ме, кеш пе, әйтеуір «идеялар бөгетін» жарып өтуге тура келеді... бұл кезде маған достарым көмеккғе келеді», деп жазды Денис Тен өзінің әуестіктері жайында.

Айтпақшы, өзінің фотожұмыстарын мәнерлеп сырғанаушы Инстаграмдағы @d10world арнайы парақшасына жариялаған. Денистің әуесқойлығын 5 мыңнан астам фолловер бақылауда. Оның аккаунтінде 200-ден аса суреттер мен бейнероликтер бар, онда әртүрлі әлемдік шоуларда Дениспен бірге өнер көрсеткен танымал мәнерлеп сырғанаушылар да көзге түсіп қалады.
null null null null

Соңғы жаңалықтар